Көктемгі су тасқынына дайындық пысықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көктемгі су тасқынына дайындық пысықталды

Бүгін аудандық мәслихаттың мәжіліс залында аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиевтің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алуға арналған кеңес өтті. Кеңеске дербес бөлім, мекеме басшылары қатысып, округ әкімдері онлайн желіде қосылып отырды.

Көктемгі су тасқыны кезеңіне тыңғылықты дайын болуымызды қатаң ескерткен аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы күн райының жылынуына байланысты қардың күрт еруі орын алып отырғандығын айта келе ауданымызда соңғы айда қар мөлшерінің көп түскендігін ескертті.

Қардың еруіне байланысты қарғын судың алдын алу үшін көшелердегі қарды ауыл сыртына шығару, су жүретін арналарды аршып, суағар құбырларды тазарту жұмыстарын аяқтау тапсырылды.

Жиында төтенше жағдайлардың алдын алуға байланысты әр округке бөлінген өкілдердің жұмыстануына, округтерге қатынайтын жолдардың қардан аршылуын бақылауға алуға, көктемгі су тасқынының алдын алуға арналған құрал-жабдықтардың сақадай сай болуы, техникалардың дайын болуын қадағалауды қатаң тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/967572?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді