
Елордада балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу мақсатында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда.
Бұл жұмыс ювеналды полиция қызметкерлерімен, учаскелік инспекторлармен, сондай-ақ еріктілермен бірлесіп жүргізіледі.
Үгіт-профилактикалық іс-шаралар елорданың 40-тан астам балабақшасында өткізілді, онда балалармен ойын түрінде тұрмыстық қауіпсіздік бойынша сабақтар өткізіліп, ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, 20 көп пәтерлі тұрғын үй кешенінде 300-ден астам жадынама орналастырылды, 600-ден астам тұрғын түсіндірме әңгімемен қамтылды.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-astana/press/news/details/967584?lang=kk

Жауап қалдыру