Іс-шара барысында қатысушылар алдында аудан әкімінің орынбасары Шүмеков Эльдар Сапарұлы сөз сөйлеп, әйелдерді келе жатқан мерекемен құттықтап, мықты денсаулық, отбасы амандығын және қызметтеріне табыс тіледі.
8 наурыз қарсаңында әйелдер балаларымен бірге уақыттарын қуанышпен өткізіп, белсенді демалыстың, жарқын жүздер мен жылы қарым-қатынасты сезінді. Мұз айдыны мерекелік көңіл күйге, шат күлкі мен жарқын әсерлерге толы болды.
Осындай іс-шаралар отбасылық құндылықтарды нығайтып қана қоймай, жұмыс күндерінің қарбаласынан бір сәт сергіп, көтеріңкі көңіл күй мен жаңа күш-қуат алуға мүмкіндік береді.
Барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл күйі мен шынайы эмоциялары үшін алғыс білдіреміз! Көктем әр шаңыраққа қуаныш, шабыт және жаңа бақытты сәттер сыйласын.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ovp-zhambyl/press/news/details/1174819?lang=kk

Жауап қалдыру