
Әйелдерге арналған жаңа мамандықтар: Қазақстанда IT-Aiel жобасының жаңартылған маусымы басталды
Қазақстанда әйелдердің цифрлық құзыреттерін арттыруға бағытталған IT-Aiel жобасының жаңа маусымы басталды. Бағдарлама жұмыссыз әйелдерге, көпбалалы аналарға, декреттік демалыстағы әйелдерге, әсіресе, ауылдық өңірлердегі жастарға арналған. Биыл жоба жаңартылған форматта ұсынылып, үш негізгі білім беру блогын қамтиды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Ұлттық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі, TechnoWomen үкіметтік емес ұйымының басқарма төрайымы Азиза Шөжеева ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты.
Бағдарламаның бірінші блогы жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып қаржылық сауаттылықты оқытуға арналған. Биыл курс мазмұны заңнамадағы өзгерістерді ескере отырып жаңартылды. Атап айтқанда, жаңа Салық кодексінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар ұғымы енгізіліп, тиісті салықтық әкімшілендіру рәсімдері қарастырылған. Оқу барысында қатысушыларға салық есебін дұрыс жүргізу және құқықтық алаңда жұмыс істеу жолдары түсіндіріледі. Азаматтарға арналған қарапайым әрі түсінікті түсіндірмелер дайындалған. Сонымен қатар бағдарламаға дағдыларды монетизациялау бойынша жеке сабақ енгізілген. Ол қатысушылардың бар білімі мен дағдыларын табыс көзіне айналдыруға көмектесуге бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1175228?lang=kk

Жауап қалдыру