Күреңбел қазақ орта мектебінде «Цифрлық әлемге қауіпсіз қадам» тақырыбында профилактикалық кездесу өтті. Оқушылармен өткен ашық диалогқа Кербұлақ аудандық полиция бөлімінің бастығы Нурлан Мұратұлы және полиция қызметкері Алтынай Болатбековна қатысты.
Сапар барысында полиция қызметкерлері дабыл түймесінің жұмысын, бейнебақылау жүйесін және арнайы күзет қызметін тексерді.
Кездесуде негізгі назар киберқауіпсіздік мәселелеріне аударылды. Жасөспірімдерге кибер ережелері еске салынды: күрделі құпиясөздерді пайдалану, күмәнді сілтемелерге өтпеу және жеке мәліметтерді жария етпеу қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар интернет-алаяқтық пен кибербуллингтен қорғану шаралары кеңінен баяндалды.
«Интернеттегі қауіпсіздік әр қолданушының жеке жауапкершілігі мен ұқыптылығынан басталады», — деп атап өтті Нурлан Мұратұлы.
Оқушыларға Bilim Class, Tesster.kz және e-talapker платформаларындағы жеке аккаунттарының қауіпсіздігіне ерекше мән беру ұсынылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы қарапайым ережелерді сақтау цифрлық кеңістікте өзіңді және жақындарыңды қорғауға көмектеседі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1175657?lang=kk

Жауап қалдыру