Жаңа Конституция — балалар болашағының кепілі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Түймекент ауылындағы бөбекжай-бақшасында Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституция жобасын талқылауға арналған ұжымдық жиын өтті.

Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері ел болашағын айқындайтын құжаттың мән-маңызын саралап, өзара пікір алмасты.
Кездесу барысында Конституцияның жай ғана құқықтық құжат емес, жалпы қоғам дамуының негізгі темірқазығы екеніне баса назар аударылды. Тәрбиешілер қауымы үшін заң үстемдігі мен тұрақтылық — балалардың жарқын болашағының кепілі.
Жиын еркін форматтағы екіжақты диалог түрінде өрбіді. Балабақша ұжымы жаңа реформаларға қатысты көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, мамандардан тұщымды жауаптар алды.
Кездесу соңында қатысушылар Конституция жобасына қолдау білдіріп, өздерінің азаматтық ұстанымдарын нақтылады. Олардың айтуынша, мұндай маңызды тарихи кезеңде әрбір қазақстандықтың пікірі маңызды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1175754?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді