АРДАҚТЫ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін аудан әкімі Арман Қарсыбаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ауданымыздың ардақты аналарына құрмет көрсетіп, арнайы құттықтады.
Алдымен аудан басшысы Сапарова Ұлтусын апамыздың шаңырағына арнайы барып, мерекелік лебізін жеткізді. Арман Романұлы 94 жасқа келген Ұлтусын анамызға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілеп, Алғыс хат пен сый-сияпат табыстады. Сондай-ақ иығына қамзол жауып, басына ақ жаулық тақты. Өз кезегінде Ұлтусын апа ақ батасын беріп, ақжарма алғысын айтты.
Мұнан кейін аудан әкімі Мамбетова Буранкүл анамыздың үйіне арнайы барып, мерекемен құттықтады. Қуанышты сәтте Буранкүл ана да арнайы келген аудан басшысына ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді. Кездесу соңында ардақты аналармен естелік суретке түсіп, мерекелік көңіл күймен тарқасты.
Қазақ халқы қашанда ананы ардақ тұтып, ананың қадір-қасиетін ерекше бағалаған. Ана – өмірдің шуағы, отбасының берекесі, ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1175828?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді