
Іс-шара барысында Қоңыр ауылдық округінің әкімі құттықтау сөз сөйлеп, ауылдың қоғамдық өміріне белсенді қатысып жүрген бірқатар әйел азаматтарды Алғыс хаттармен марапаттап, гүл шоқтарын табыстады.
Сонымен қатар мерекелік концертке келген әйел қауымына құрмет көрсетіліп, гүлдер таратылды. Концерт барысында өнерпаздар ән айтып, жиналған қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Бұл шара әйел-аналарға деген құрмет пен ризашылықтың айқын көрінісіне айналып, ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-konyr/press/news/details/1175792?lang=kk

Жауап қалдыру