
Ағымдағы жылдың 5 наурыз күні облыс әкімдігінде Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.
Комиссия жұмысына комиссия мүшелері мен облыс прокуратурасының өкілі және жеке сот орындаушысы қатысты.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
– Созылмалы жалақы берешектерін өтеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы;
– Жұмыс берушілердің салықтық және әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық төлеуін қамтамасыз ету мәселесі туралы;
– Облыстық үшжақты комиссия отырыстарында көтерілген мәселелердің орындалуы туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар беріліп, жауапты тараптарға нақты тапсырмалар жүктелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-enbek/press/news/details/1176124?lang=kk

Жауап қалдыру