
ШҚО Мобилизациялық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасына қарасты «Шығыс Қазақстан облысының мобилизациялық дайындықты және мобилизацияны қамтамасыз ету қызметі» КММ ұжымымен 2026 жылғы 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға арналған түсіндіру кездесуі өтті.
Іс-шара барысында қатысушыларға референдум өткізудің маңызы мен мақсаттары туралы ақпарат беріліп, азаматтардың дауыс беруге қатысудағы конституциялық құқықтарын жүзеге асыру мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар азаматтардың референдумға қатысуы демократиялық институттарды дамыту мен құқықтық мемлекетті нығайтудың маңызды тетігі екені атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1176286?lang=kk

Жауап қалдыру