Санитариялық талаптар бойынша түсіндіру жұмыстары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының мамандарымен Ұлытау-экспресс ЖШС-ның жеке теміржол жолаушылар тасымалының арасындағы 2025 жылғы 22 қаңтардағы өзара ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес, пойыз бригадаларының жолсеріктері мен нұсқаушыларының арасында жолаушылар мен жүктерді тасымалдау жөніндегі көлік құралдарына қатысты санитариялық-эпидемиологиялық талаптарын түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара аясында қатысушылар мен жолаушылар арасында аса қауіпті инфекция анықталған кезде пойыз бригадалары арасында ситуациялық сәттердің тақырыптық талқылауы өтті.

Сонымен бірге, «білім бұрышы» ұйымдастырылып,  қатысушылардың назарына туберкулездің және жұқпалы емес аурулардың алдын алу, атап айтқанда инсульт, инфаркт, алкоголизм мен темекі шегудің алдын алу бойынша жадынамалар мен брошюралар ұсынылды және таратылды.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/967999?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді