
Іле ауданында Алматы облысы ТЖД бастығы Д.Оразбековтың қатысуымен Өрт сөндіру бөлімдері, Күрти су қоймасы және Сорбұлақ жинақтағышы тексерілді.
Күрті су қоймасы Іле ауданы Күрті ауылдық округінің аумағында орналасқан. Су қоймасының көлемі 120 млн текше метрді құрайды. Нысанда су деңгейін күнделікті бақылау жүзеге асырылады. Су қоймасындағы жағдай тұрақты.
Сорбұлақ сарқынды су жинақтағышының толымдылығы бүгінгі күні 79,2% құрайды. Объектінің жай-күйін бақылау күнделікті негізде жүргізіледі.
Боралдай кентіндегі №9 өрт сөндіру бөліміне және Ақши ауылындағы №13 Өрт сөндіру бекетіне тексеру жүргізілді. Өрт-техникалық қару-жарақтың жай-күйі және жеке құрамның дайындығы бағаланды. Сондай-ақ, ЦӘК Алматы облысы бойынша филиалының құрты ТМҚК бөлімшесі қаралды.
Тексеру қорытындысы бойынша жұмыстың тиімділігін арттыруға және құтқарушылар қызметінің жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар іс-шаралар белгіленді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-alm/press/news/details/968001?lang=kk

Жауап қалдыру