
Астанада өткен демалыс күндері Есіл ауданының зейнеткерлері «Времена года» тұрғын үй кешені тұрғындарымен бірлесіп, шахмат турнирін өткізді. Мерекелік іс-шара аула клубтарын дамытуға және ұрпақтар сабақтастығын қолдауға арналған.
Турнир ересектер мен жастардың басын қосып, бос уақытты тиімді ұйымдастыру мен ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға үлес қосты. Ең кішкентай қатысушы 8 жастағы аула тұрғыны болды. Төреші Мерғалым Нұрымов пен ұйымдастырушы зейнеткерлер ойын барысын мұқият қадағалап, әділ бағалау жүргізді.
Іс-шара ардагерлердің қолдауымен ашылған «Бірлік» клубында өтті. Жеңімпаздар Есіл ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы атынан алғыс хаттармен және төс белгілермен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-zhastar/press/news/details/1176230?lang=kk

Жауап қалдыру