Қызметке адал маман

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Ұйымдастыру және ақпараттық-талдау жұмыстары тобының бас маманы Мырзабекова Аида Қалдыбековна азаматтық қорғау органдарында 2003 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Көп жылғы еңбек жолында ол өзін жауапкершілігі жоғары, тәжірибелі және өз ісіне адал маман ретінде көрсетті. 2024 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі лауазымында еңбек етіп, Департамент қызметінің ұйымдастырушылық және ақпараттық-талдамалық бағыттағы жұмыстарының тиімді жүзеге асуына өз үлесін қосып келеді. Аида Қалдыбековна қызмет барысында кәсібилігімен, ұқыптылығымен және жауапкершілігімен ерекшеленеді. Әріптестері арасында сыйлы, ұжым жұмысының үйлесімді жүргізілуіне үлес қосып жүрген білікті мамандардың бірі.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1176488?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді