Тікелей эфирдегі мерекелік кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықаралық әйелдер күніне орай облыстық «Jambyl» телеарнасының «Рауан» телебағдарламасында арнайы мерекелік тікелей эфир өтті. Аталған эфирге Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері де қатысып, азаматтық қорғау жүйесінде еңбек етіп жүрген әйел мамандардың қызметі туралы әңгіме өрбітті. Бағдарлама қонақтары — Жамбыл облысы ТЖД Өрт байланыс орталығының аға диспетчері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Мұсабекова Әсем және бас маман-психологы Елгембаева Ғалия болды. Тікелей эфир барысында олар өздерінің қызметтік міндеттері, төтенше жағдайлар саласындағы күнделікті жұмыс ерекшеліктері туралы айтып, азаматтық қорғау жүйесінде әйелдердің атқаратын рөліне тоқталды. Сондай-ақ көрермендерге төтенше жағдайлардың алдын алу, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар туралы да мәлімет берді. Бағдарлама барысында қонақтар әйелдердің кәсібилігі, жауапкершілігі мен табандылығы кез келген салада маңызды екенін атап өтіп, мереке қарсаңында барлық әйелдерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1176472?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді