Астананың Мемлекеттік мұрағатының ұжымы «Таза Қазақстан» экоакциясына қолдау көрсетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» ауқымды республикалық экологиялық акциясы аясында Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері сенбілік өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мекеме қызметкерлері мұрағат ғимаратына іргелес аумақты тазартып, қақпаларды сырлап, ағаш отырғызу алаңдарын дайындады. Экологиялық акцияға 70-ке жуық қызметкер қатысты.

«Осындай сенбіліктердің арқасында елорданың тазалығы артып келеді. Бұл өте пайдалы бастама деген ойдамын, сондықтан мұндай шараларды қолдауға тырысамын», – дейді мұрағат қызметкері Нұрбақтыт Бейсен.

«Таза Қазақстан» – табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ауқымды шара.

«Мұндай іс-шаралар қазақстандықтардың тазалық пен тәртіп мәдениетінің қалыптасуына септігін тигізетіні сөзсіз. Сонымен қатар, аудан көркейіп, құлпырып келеді. Біздің ұжым мүшелері мұндай шараларға үнемі белсене қатысады. Тазалық бірінші кезекте өзімізге керек», – деп атап өтті қалалық мемлекеттік мұрағатының директоры Жанкелді Бимолдин.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/968039?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді