Көктем шуағымен бірге келген мереке!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті арулар, қадірлі аналар!

Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен Жаңасемей аудандық мәслихаты атынан шын жүректен құттықтаймыз!

Әйел заты – отбасының берекесі ғана емес, бүкіл қоғамның тірегі. Бүгінде ауданымыздың дамуына, мемлекеттік қызмет, білім беру, денсаулық сақтау және кәсіпкерлік салаларында сіздердің қосып жатқан үлестеріңіз өлшеусіз. Сіздердің төзімділіктеріңіз бен парасаттылықтарыңыз бізді жаңа белестерге жетелейді.

Осынау шуақты мерекеде сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат және отбасылық бақ-береке тілейміз. Жүздеріңізден күлкі, көңілдеріңізден көктем кетпесін. Әрбір бастамаларыңыз сәтті болып, армандарыңыз орындала берсін!

Ізгі ниетпен, Жаңасемей аудандық мәслихаты

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhanasemey/press/news/details/1176622?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді