Алматы облысының су тасқыны қаупі бар учаскелерін тексеру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері су тасқыны қаупі бар учаскелерді тексеріп, су тасқыны жағдайын бақылау мақсатында мониторинг жүргізді.

Іс-шаралар аясында Талғар ауданындағы “Талғар Плотина” сел ұстайтын бөгеті мен “Саз-Талғар 7” су қоймасы тексерілді.

Тексеру нәтижелері бойынша гидротехникалық құрылыстар мен су қоймаларының техникалық жағдайына жан-жақты бағалау жүргізілді. Ерекше назар ықтимал қауіптерді талдауға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған шараларды әзірлеуге, сондай-ақ су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге аударылды.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті су тасқыны жағдайын бақылауды жалғастырып, гидрологиялық жағдайдың өзгерістеріне жедел әрекет етіп, ықтимал қауіптердің алдын алу үшін уақтылы шаралар қабылдауды жүзеге асырады.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-alm/press/news/details/968080?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді