
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай бір топ аналарды арнайы құттықтады.
Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары аналарға жүрекжарды тілегін білдіріп, олардың қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтті.
— Құрметті аналар! Сіздер – отбасының берекесі, шаңырақтың шырағы, ұрпақ тәрбиесінің алтын діңгегісіздер. Мейірім мен махаббатқа толы жүректеріңізбен қоғамымызға жылулық сыйлап, елдің бірлігі мен берекесінің артуына зор үлес қосып келесіздер. Ұрпақ тәрбиелеудегі еңбектеріңіз әрдайым құрметке лайық. Әр шаңырақта амандық орнап, өсірген ұл-қыздарыңыздың қызығын көріп, мерейлеріңіз үстем бола берсін. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбастарыңызға бақ-береке тілеймін, – деді Бейсенбай Төребеков.
Іс-шара барысында аналарға аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың атынан Алғыс хаттар табысталып, гүл шоқтары ұсынылды.
Ақ жаулықты аналар көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыс айтты.
Сондай-ақ, аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың Алғыс хаты мен сый-сияпатын көпбалалы батыр ана Кузжанова Катыш апамызға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерлан Абдразақов арнайы барып табыстады.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1176856?lang=kk

Жауап қалдыру