
Департамент басшысы мамандармен бірлесіп мемлекеттік тұрғын үй қорын түгендеу жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында жалға алушыларға жалдау ақысының төленбегені туралы хабарламалар берілді 📄.
Сондай-ақ, уәкілетті органның рұқсатынсыз тұрғын үй-жайларды үшінші тұлғаларға заңсыз жалға беру жағдайлары анықталды. Бұл бұзушылықтар бойынша тиісті хаттамалар жасалды ⚠️.
❗ Құрметті жалға алушылар!
Естеріңізге сала кетейік, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 107-бабына сәйкес, жалға алушылар жалдау ақысын және коммуналдық қызметтерді уақытында төлеуге, тұрғын үй-жайларды мақсаты бойынша пайдалануға және жалдау шартының талаптарын сақтауға міндетті.
Қарыз төленбеген немесе қайталанатын бұзушылықтар болған жағдайда, уәкілетті орган жалдау шартын бұзу және үйден шығаруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдауға мәжбүр болады.
Анықталған бұзушылықтарды тез арада түзетуді және төленбеген қарызды төлеуді сұраймыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kokshe-inspekcia/press/news/details/1177237?lang=kk

Жауап қалдыру