
Отырысқа Қоғамдық кеңестің төрағасы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің облыстық департаментінің басшысы, мемлекеттік органдар мен қоғам қайраткерлері қатысты.
Өзінің кіріспе сөзінде Департамент басшысы Ерлан Жолдыбаев жыл басынан бері өңірдегі жағдайды жақсарту мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің Картасы аясында жүйелі шаралар жүзеге асырылғанын айтты. Сондай-ақ, ол белсенділер мен еріктілердің қосқан үлесін ерекше атап өтті.
Департамент басшысының бірінші орынбасары Жаслан Хамитов қатысушыларды «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында алдын алу шараларымен таныстырды. Құқықтық сана деңгейін көтеру мақсатында түрлі мақсатты топтармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өткізілгені аталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, өткен кезеңде туризм, агроөнеркәсіп, мектепке дейінгі білім беру, спорт және ауылдық инфрақұрылым салаларын мониторингпен қамтыды. Сондай-ақ, проблемалық құрылыс нысандары мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою шаралары талқыланды.
Кездесу соңында Ерлан Жолдыбаев кеңес мүшелерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске белсенді қатысуға шақырды.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-ulytau/press/news/details/968231?lang=kk

Жауап қалдыру