Кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

26 наурыз күні Хромтау аудандық кәсіпкерлік бөлімі аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің мамандарымен бірлесіп, автомобиль жолдарының бойында орналасқан кемпингтер мен дүкендердің басшыларымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесудің негізгі тақырыбы – бағаның күрт өсуіне жол бермеу мәселесі болды.

Іс-шараның мақсаты – кәсіпкерлерге бағаны тұрақтандырудың, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұрудың маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын сақтау қажеттігін еске салу. Атап айтқанда, жарнама, ауызша ақпарат және хабарландырулар мемлекеттік тілде (қазақ тілінде), қажет болған жағдайда орыс немесе басқа тілдерде берілуі тиіс екені атап өтілді.

Мониторинг барысында кәсіпкерлерге «Ақтөбе» ӘКК аймақтық тұрақтандыру қорының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын реттеуге бағытталған қызметі туралы толық ақпарат ұсынылды.

Сонымен қатар, жиын барысында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабы мен «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 24-бабының негізгі ережелері түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kasipkerlik/press/news/details/968236?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді