ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ҒАСЫР ЖАСАҒАН ӘЖЕЛЕРГЕ СЫЙ-ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазығұрт ауданында ғасыр жасаған ардақты әжелерге құрмет көрсетілді. Аудан әкімі Азизхан Исмаилов ғасыр куәгері атанған ардақты әжелердің шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.
Аудан басшысы өмірдің талай белесін артқа тастап, бүгінгі ұрпаққа өнеге болып отырған қазыналы қарияларға зор құрмет көрсетіп, жылы лебізін білдірді. Ғасыр жасаған әжелеріміздің ел мен ұрпақ тәрбиесіндегі орны ерекше екенін атап өтіп, олардың өнегелі өмір жолы бүгінгі буынға үлгі екенін жеткізді.
Мереке қарсаңында аудан әкімі Сынтас ауылының тұрғыны, 101 жасқа келген Тахира Құрбанованы және Үшбұлақ ауылының тұрғыны, 100 жасқа толған Тыныштық Толыбаеваны арнайы құттықтады. Ардақты аналарға мерекелік алғыс хаттар, гүл шоқтары мен сый-сияпаттар табысталды.
Мерейлі мереке қарсаңында арнайы келіп құттықтаған аудан басшысына ардақты әжелер ақ батасын берді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1177480?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді