
Таза аудан – ортақ міндет!
Әл-Фараби ауданында сенбілік жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Бүгін аудан әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік өтті. Шараға аудан әкімдігі қызметкерлері мен «Әл-Фараби» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары атсалысып, аулаларды тазалау жұмыстарын жүргізді. Сенбілікке 70-тен аса адам мен 14 арнайы техника тартылып, нәтижесінде шамамен 27 тонна қоқыс жиналып, шығарылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/1177635?lang=kk

Жауап қалдыру