
Алматы қаласы Әкімінің Аппараты және Қалалық қоғамдық даму басқармасы әріптестерімен бірге Сайран көлінің шығыс жағалауына барып, жүріп жатқан абаттандыру жұмыстарының барысымен таныстық. Қазіргі таңда жағалауда дамба салу, асфальт және брусчатка төсеу, сыртқы жарықтандыру мен бейнебақылау камераларын орнату, сондай-ақ понтон көпірлерін құрастыру жұмыстары аяқталу сатысында.
Көгалдандыру жұмыстары да басталып кетті — ірі көшеттердің бір бөлігі отырғызылды. Көктемгі кезеңге жоспарланған жағалауды көгалдандыру жұмыстары жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/968311?lang=kk

Жауап қалдыру