Республикалық деңгейде өткізіліп жатқан «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Қызылорда облысы аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Шара басталғалы полиция қызметкерлері өрескел құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстарын күшейтті. Нәтижесінде көлік құралын масаң күйде басқарған 4 жүргізуші анықталды. Мәселен, бүгін сағат 02:30 шамасында Қызылорда қаласының орталық көшелерінің бірінде 35 жастағы қала тұрғыны көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін полиция қызметкерлерімен тоқтатылды. Аталған дерек бойынша әкімшілік хаттама рәсімделіп, іс құжаттары мамандандырылған сотқа жолданды. Құқық қорғау органдары жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. 📍Құрметті жүргізушілер! Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін: белгіленген жылдамдықты асырмаңыздар; көлік құралдары арасындағы арақашықтықты сақтаңыздар; көлік жүргізу кезінде мобильді құрылғыларды пайдаланбаңыздар; масаң күйде автокөлік басқармаңыздар; қарсы бағытқа шықпаңыздар; жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыздар. Жолдағы қауіпсіздік – әрбір жүргізушінің жауапкершілігі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1178237?lang=kk

Жауап қалдыру