⚜️Бүгін аудан әкімінің орынбасары Тұрғамбеков Нұржау Орынбасарұлының төрағалығымен шегірткелерге қарсы күресті ұйымдастыру жөніндегі аудандық штабтың отырысы өтті. Жиынға ауылдық округ әкімдері қатысты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔸️Күн тәртібінде 2025 жылы шегірткелер тұқымдасына қарсы күресті ұйымдастыру бойынша аудандық штабтың атқарған іс-шараларының нәтижелері талқыланып, алдағы кезеңге арналған жұмыстар пысықталды. Сонымен қатар үйірлі шегірткелердің таралуының алдын алу мақсатында жүргізілетін мониторингтік іс-шараларды күшейту мәселесі қаралды.

 

🔹️Жиын барысында әр ауылдық округ бойынша шегірткелердің пайда болу ошақтарын уақытылы анықтау үшін анықтаушыларды бекіту, бақылау жұмыстарын жүйелі жүргізу және жауапты мамандардың өзара үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету мәселелері нақтыланды.

 

🔸️Отырыс қорытындысында аудан әкімінің орынбасары ауылдық округ әкімдеріне мониторинг жұмыстарын тұрақты жүргізу, анықталған ошақтар туралы жедел ақпарат беріп отыру және шегірткелерге қарсы күрес шараларын дер кезінде ұйымдастыру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/1178436?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді