
Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімнің кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында 2026 жылдың 10-11 наурыз аралығында Алматы қаласында «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының аймақтық кезең жеңімпаздары атанған жас мұғалімдердің арасында байқау өтті.
Аталған педагогикалық Олимпиаданың республикалық кезеңіне әр аймақтың білім беру ұйымдарынан тәлімгер, психолог, педагог санатынан еңбек өтілі 5 жылға дейінгі 200-ден астам жас маман қатысты.
Олимпиада барысында сайысқа түскен жас ұстаздар заманауи талаптарға сәйкес білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін, өздерінің кәсіби іс-тәжірибелерін, жаңа идеялары мен жобаларын көрсетті.
Комиссия шешімі бойынша: Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғаған 10 педагогтің 4-уі жүлдегер атанды:
ІІ орын – Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ, химия пәнінің мұғалімі Далибаева Айнұр Айдарқызы;
ІІІ орын – Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Аққала аулының мектеп-балабақша кешені» КММ, орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Хасенова Әсем Серікжанқызы;
ІІІ орын – Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «М. Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ, биология пәнінің мұғалімі Арыстанбеков Нуржан Ержанұлы;
ІІІ орын – Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ, тәлімгер Қожахметова Шырын Серікқызы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» ҰҒПО-ның ІІ,ІІІ дәрежелері дипломдарымен марапатталды. Қатысушыларға сертификаттар берілді.
Республикалық деңгейде Шығысымыздың намысын қорғаған жас мамандарды құттықтаймыз, шығармашылық табыс тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1178640?lang=kk

Жауап қалдыру