2026 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасы Конституциясы жобасының негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған Тексеру комиссиясы ұжымының жиналысы өтті.
Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Қ.Б. Есмағамбетов атап өткендей, Негізгі заң жобасы Қазақстанның алдағы табысты дамуының берік іргетасы болып табылады. Ол еліміздің көптеген жылдарға арналған даму бағытын айқындайды, билік жүйесінің жаңа архитектурасын қалыптастырады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтады, сондай-ақ оларды қорғау тетіктерін жетілдіреді.
Ол Конституция жобасының құрылымына, түбегейлі жаңа тұстарына және негізгі өзгерістеріне жан-жақты тоқталды.
Негізгі заң жобасы адам құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекітеді, мемлекеттік органдардың заң шеңберінде қатаң әрекет ету міндетін күшейтеді, озбырлық пен өкілеттіктерді асыра пайдалануға жол бермейді. Тексеру комиссиясының қызметкерлері үшін бұл мемлекеттік аудит стандарттарын мүлтіксіз сақтау, құқықтық мәдениетті арттыру және әрбір аудиттік іс-шара үшін жеке жауапкершілікті күшейту дегенді білдіреді.
Жаңа Конституция әділетті әрі қуатты Қазақстан құруға бағытталған. Онда билік халыққа қызмет етеді, заңдар азаматтарды сенімді қорғайды, ал мемлекет тұрақты, жауапты және ашық болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akmol-revkom/press/news/details/1178782?lang=kk

Жауап қалдыру