РЕФЕРЕНДУМ-2026: ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласында жалпыхалықтық референдумға байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қарқын алып отыр. Осы мақсатта «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық және аудандық филиалдарының қызметкерлері «Есіктен есікке» акциясын ұйымдастырып, тұрғындармен тікелей кездесулер өткізуде.

Акция барысында насихаттық топ мүшелері қаладағы тұрғын үйлерді аралап, азаматтарға арнайы дайындалған ақпараттық парақшаларды таратты. Сонымен қатар тұрғындарға Конституцияның жаңа жобасында қарастырылған өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндіріліп, алдағы референдумның ел болашағы үшін маңызы туралы кеңінен ақпарат берілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай тікелей байланыс форматы тұрғындардың сұрақтарына нақты жауап беруге және маңызды саяси науқан туралы толық мәлімет жеткізуге мүмкіндік береді.

Кездесу барысында тұрғындар ұсынылған өзгерістер туралы пікір білдіріп, өз ойларымен бөлісті. Насихаттық топ мүшелері азаматтарды алдағы референдумға белсенді қатысып, елдің болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауда өз таңдауларын жасауға шақырды.

Айта кету керек, «Есіктен есікке» акциясы референдум қарсаңында тұрақты түрде жалғасып, қаладағы түрлі шағынаудандарда жүргізілуде. Бұл бастама тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және жалпыхалықтық саяси науқанға саналы түрде қатысуына ықпал етуді көздейді.

#референдум2026 #ЖаңаКонституцияҮшін #ЗАновуюКонституцию #АтаЗаң

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1178773?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді