
«Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңі өткізілді.
Олимпиада жалпы білім беру бағдарламалары негізінде келесі пәндер бойынша өткізіледі:
1.Математика;
2.Жаратылыстану;
3.Қазақ тілі мен әдебиеті;
4.Орыс тілі мен әдебиеті;
5.Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі;
6.Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі;
7.Ағылшын тілі;
8.Қазақстан тарихы.
Олимпиадаға барлығы 220-ға жуық оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша:
І-дәрежелі дипломмен – 17 оқушы;
ІІ-дәрежелі дипломмен – 43 оқушы;
ІІІ-дәрежелі дипломмен – 71 оқушы марапатталды.
Сонымен қатар, өз білімімен ерекшеленгені үшін 40 оқушы грамотамен марапатталды.
Олимпиаданың облыстық кезеңінде I орын алған жүлдегерлер республикалық кезеңге жолдама алды. Жеңімпаздарға сәттілік тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1178861?lang=kk

Жауап қалдыру