КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МҮМКІНДІК: ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА ІРІ КӨКӨНІС ҚОЙМАСЫН САЛУҒА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңірде көкөністер мен жеміс-жидектер сақтайтын қойманың жоқтығын ескере отырып, «Ұлытау» ӘКК» жылдық мөлшерлемесі 2.5 пайыздан аспайтын тиімді несие беруді қолға алды. Бұл – облыстағы баға деңгейін тұрақтандыру мақсатында аса қажет.
Сонымен қатар кәсіпкерлік корпорация агроөнеркәсіптік кешен саласындағы өзге де бірқатар бағыт бойынша төмендегідей шарттармен жеңілдетілген несие береді.
• Мерзімі – 10 жылға дейін
• Ең жоғары сомасы 5 млрд. теңгеден аспайды
• Жылдық мөлшерлемесі 2.5 пайыз
Несие бағдарламасы бойынша толық ақпарат алу үшін «Ұлытау» ӘКК» АҚ-ға мына мекенжай бойынша жүгіну қажет: Жезқазған қаласы, Бейбітшілік көшесі 23А

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/885916


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді