ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҰСТАЗДАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІЛІМ ОЛИМПИАДАСЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
📍Алматыда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасында Түркістан облысының педагогтары жоғары кәсіби шеберлік танытып, жүлделі орындарды иеленді.
▪️Түркістан қаласындағы «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған №32 мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Орынбасар Парасат баскетбол ойынын оқытудың инновациялық және авторлық әдіс-тәсілдерін ұсынып, қазылар алқасының жоғары бағасын алды. Нәтижесінде ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
▪️Осы білім ұясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тастан Ақниет оқу үдерісіндегі тиімділікті арттыратын «ЛитUNO» атты бірегей үстел ойынын таныстырып, республика бойынша ІІ орынға ие болды.
▪️Бұл жетістік – Түркістан облысы әкімдігі мен білім басқармасының өңірдегі педагогтардың кәсіби дамуына, жаңашыл бастамаларына көрсетіп отырған жүйелі қолдауының жарқын көрінісі.
▪️Айта кетейік, Түркістан облысында «Келешек мектептері» жобасы арқылы 29 мектеп салынды. Аталған білім ұяларында оқушылар мен ұстаздарға барлық жағдай жасалған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1178999?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді