
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер халықпен тұрақты түрде кездесулер өткізіп келеді. Мұндай кездесулер тұрғындардың өзекті мәселелерін тыңдауға, ұсыныстарын талқылауға және оларды шешу жолдарын бірлесіп қарастыруға мүмкіндік береді.
2026 жылғы 11 наурызда аудан әкімі Ұлан Әлдибекұлы Досымбеков Жолбарыс батыр ауылдық округіне қарасты Қанабек ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында аудан әкімі тұрғындарды ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен таныстырып, инфрақұрылымды дамыту, елді мекендерді абаттандыру, халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Жиын барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған бірқатар мәселелерді көтерді.
Кездесу барысында аудан әкімі көтерілген мәселелерге түсініктеме беріп, барлық ұсыныстар мен өтініштер тиісті бақылауға алынатынын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша аудандық бөлімдер мен жауапты қызметтердің басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Жиын соңында Ұлан Әлдибекұлы мұндай кездесулер тұрғындармен кері байланыс орнатудың маңызды тетігі екенін атап өтіп, халықтың көтерген мәселелерін уақытылы қарастырып, олардың шешілуін бақылауда ұстау қажеттігін айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-zholbarys-batyr/press/news/details/1178871?lang=kk

Жауап қалдыру