Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қысқы кезеңде ауылдық округ аумағында тазалық пен тәртіпті сақтау жұмыстары жалғасуда.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қысқы кезеңде ауылдық округ аумағында тазалық пен тәртіпті сақтау жұмыстары жалғасуда.

Көшелерді, қоғамдық орындарды және әлеуметтік нысандардың аумақтарын қар мен қоқыстан тазарту жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Сонымен қатар кіреберіс жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарының жағдайына ерекше назар аударылуда.

Ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері мен еріктілер қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілікпен қарап, абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысуда.

Туған жердің тазалығы — баршамызға ортақ міндет. Барша тұрғындарды тазалықты сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-usunkol-fedorov/press/news/details/1178315?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді