Үй жануарларын ұстау және серуендету ережелерін сақтау туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысы ветеринария басқармасы  «Жануарларды ұстау ережелерін бұзу» бойынша ветеринариялық станциясының мамандары мен учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп тұрақты негізде рейдтік іс-шара өткізетінін хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы №168 бұйрығы «Үй жануарларын ұстау және серуендетудің типтік ережелерін бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы №169 «Үй жануарларын есепке алу қағидаларын және есепке алуға жататын үй жануарларының тізбесін бекіту туралы» бұйрықтарыны негізінде заң бұзушылықтар анықталса, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «Жануарларға жауапты қарау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу»  407‑2-бабының 1-тармағы, 2) үй жануарларын есепке алу;  4) үй жануарларын ұстау және серуендету тәртібін бұзғаны үшін- жеке тұлғаларға – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; лауазымды тұлғаларға – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; заңды тұлғаларға – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Үй жануарларын ұстау тәртібі

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы №168 бұйрығына сәйкес, үй жануарларын ұстау ережелері мына талаптарды белгілейді:

  1. Үй жануарлары олардың түрі, тұқымы, физиологиялық және мінез-құлық ерекшеліктерін ескере отырып, денсаулығы, қауіпсіздігі және әл-ауқаты қамтамасыз етілген жағдайда ұсталуы тиіс.
  2. Жануарларды ұстау орны таза болуы, су мен тамаққа қолжетімділікті қамтамасыз етуі, қолайсыз ауа райы мен экстремалды температурадан қорғану мүмкіндігі болуы тиіс.
  3. Иесі жануарлардың денсаулығын бақылауды, тұрақты тазалық пен дезинфекцияны қамтамасыз етуі, алдын алу ветеринарлық шараларды уақтылы жүргізуі керек.
  4. Жануарлар адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуі, басқа тұлғалардың мүлкіне немесе қоршаған ортаға зиян келтірмеуі тиіс.
  5. Қауіпті немесе агрессивті тұқымды жануарларды ұстауға ерекше көңіл бөлінеді, оларға қосымша қауіпсіздік шаралары енгізіледі.

Үй жануарларын серуендету тәртібі

  1. Үй жануарларын серуендету жануарлар мен адамдар үшін қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, тиісті құралдармен – жағалай белдік, намордник немесе жануар түріне арналған басқа да құралдармен жүргізілуі тиіс.
  2. Иелері жануарлардың қоршаған ортаға қауіп төндірмейтініне, зиян келтірмейтініне және санитарлық нормаларды бұзбайтынына жауапты.
  3. Жануарларды серуендету кезінде жергілікті атқарушы органдар белгілеген арнайы орындар пайдаланылады.
  4. Иелері қоғамдық орындарда жануарлардың нәжісін жинауға жауапты және оны уақтылы тазарту үшін қажетті құралдарды өзімен бірге алып жүруі керек.

Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы №169 бұйрығына сәйкес, үй жануарлары есепке алынып, деректерқорында тіркелуі қажет.

   

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-vet/press/news/details/1178494?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді