
Қайнар ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысының ұйымдастыруымен алаяқтықтың алдын алу және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Абайла, алаяқтан сақтан!» атты акция ұйымдастырылды.
Акция барысында тұрғындарға қазіргі кезде жиі кездесетін алаяқтық түрлері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, телефон арқылы алдау, интернеттегі жалған жарнамалар, банк карталары мен жеке мәліметтерді сұрау сияқты жағдайларда сақ болу қажеттігі айтылды.
Сонымен қатар, тұрғындарға күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеу, жеке деректерін бөгде адамдарға бермеу керектігі жөнінде кеңестер берілді.
Шараның басты мақсаты – тұрғындарды алаяқтық әрекеттерден сақтандыру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kainar/press/news/details/1178314?lang=kk

Жауап қалдыру