НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ТОЙЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының атсалысуымен Ұлыстың ұлы күні – «Наурыз мерекесі» Шымкент қаласының «Әл-Фараби» алаңында аталып өтті. Аудан әкімі Р.Мыңбаев аудан тұрғындары мен қонақтарын мейрамдарымен құттықтап, ауданымыздың дамуына еңбегі сіңген азаматтарға «Алғыс хаттар» табыстады.

Алаңдағы тігілген киіз үйлерде қонақтарға арнайы дастархан жайылып, бауырсақ, қымыз-қымыран, наурыз-көже, құрт, ірімшік секілді ұлттық тағамдар ұсынылды.

Мерекелік іс шарада спорт ойындарынан оның ішінде арқан тартысы, қошқар және гір тасын көтеру, асық ату, қазақша және қол күрес жарыстары өтіп, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты насихаттау мақсатында ұршық иіру, тапаға нан жабу, күбі пісу, келі түйю секілді театрландырылған қойылымдар қойылды.

Сонымен қатар, қазақтың ұлттық киімдерінің сән үлгісі мен ұлттық нақыштағы зергерлік бұйымдар көрмесі ұйымдастырылды. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекелік жиынының соңы белгілі әртістердің концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/968596?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді