Ауылшаруашылық жәрмеңкесі туралы Пресс-релиз

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 14 наурызда Қарағанды қаласындағы «Global City» сауда‑ойын‑сауық орталығында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға арналған республикалық референдум қарсаңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеге облыстың 7 ауданынан және қаладағы өңдеу кәсіпорындарынан келген 90‑нан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері қатысады. Өнімдер нарықтағы орташа құнынан 10–15% төмен бағамен ұсынылады.

Жәрмеңкеге жалпы көлемі 80 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізіледі, оның ішінде:

  • 37 тонна ет,
  • 19 тонна сүт өнімдері,
  • 4 тонна балық және балық өнімдері,
  • 4 тонна құс еті,
  • 175 мың дана тауық жұмыртқасы,
  • 15 тонна басқа да өнімдер.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-agro/press/news/details/1179063?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді