Түркістан облысы ПД-да 60-тан астам көпбалалы ана қызмет етеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Еліміздің өткен тарихына көз жүгіртсек, елмен жер үшін болған шайқастарда, сұм соғыстарда ерлермен қатар ерлік көрсетіп, қайсарлық танытқан қазақтың батыр қыздары өте көп болған. Бүгінгі нәзік жандылар осындай батыр аналардың ізгі жолын жалғастырып келеді. Соның ішінде тәртіптің сақталуына полиция қатарындағы шенді арулар үлкен үлес қосып отыр.

Қазіргі таңда Түркістан облысы полиция департаментінде 354 шенді ару қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында қызмет атқаруда. Оның ішінде 60-тан астам көпбалалы ана полиция сапында қызметте. Бұл статистика нәзік жандылардың тек қызметте ғана емес, ел демографиясының өсуіне, ұрпақ тәрбиесіне қосып отырған шексіз үлесінің айқын көрінісі.

Солардың бірі Түркістан облысының полицейі Гүлжан Құралбекова – 8 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы ана, полиция майоры. Ол Келес аудандық полиция бөлімінде жұмыс істей жүріп, “Алтын алқа” иегері атанып, қызмет пен отбасын қатар алып жүрген үлгілі ана. Полиция майоры Гүлжан – 8 баланың анасы. Жұмысы мен бала тәрбиесін, үй шаруасын тең ұстайды.

Қызметінде кәсібилігімен көзге түсіп, көпбалалы ана ретінде де, погон таққан офицер ретінде де үлгі көрсетіп жүруі, отбасы мен енесінің қолдауы екенін мақтанышпен жеткізеді. Осы ретте көпбалалы полицей аналардың отбасына әрдайым сәттілік серік болып, шаңырақтарыңыздан сәби дауысы үзілмесін дейміз. Көктем мерекесі көңілдеріңізді жадыратсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1179077?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді