Түркияда өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысатын спортшылар анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ертең, 12 наурызда, Түркияның Анталья қаласында спорттық гимнастикадан Әлем кубогының үшінші кезеңі басталады.

Қазақстан құрамасы сапында Нариман Құрбанов, Зейнолла Ыдырысов, Нұрлан Ыдырысов, Роман Маметов, Амина Халимарден, Амели Мукушева бар.

Жарысқа 42 елден 58 спортшы қатысады. Жарыс 15 наурыз күні мәреге жетеді.

Айта кетейік, Әлем кубогының екінші кезеңі жақында Баку (Әзірбайжан) қаласында өткен болатын. Сол жарыста қазақстандық гимнасшы Милад Карими еркін жаттығу мен кермедегі жаттығуда екі күміс медальді жеңіп алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1179101?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді