
14 наурыз – Көрісу күніне орай Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Жылулық коды: Көрісу күні» атты цифрлық қол алысу шарасы өтеді.
Іс-шара кітапхананың Космическая көшесі, 6/2 мекенжайында сағат 09:00-де басталады.
Шараға кітапхана оқырмандары мен қызметкерлері қатысып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Көрісу күні – адамдар бір-бірімен қауышып, амандық-саулық сұрап, ізгі тілектерін бөлісетін ерекше дәстүрлі мереке.
Іс-шара барысында қатысушылар заманауи цифрлық формат арқылы мерекенің мәнімен танысып, ұлттық дәстүрді дәріптейді. Шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы достық пен өзара құрметті нығайту, ұлттық құндылықтарды насихаттау.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1179140?lang=kk

Жауап қалдыру