ШЫМКЕНТ – БЕЛАРУСЬ: ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БАСТАМАСЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Беларусь Республикасының Бас консулы Денис Мелешкинмен кездесті. Кездесу барысында Шымкент қаласы мен Беларусь өңірлері арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы және оны одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.

Тараптар сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, инвестиция тарту, өнеркәсіп, кәсіпкерлік және инновация салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударды.

Сонымен қатар, Шымкент қаласында қазақстандық-беларусьтік бизнес-форум өткізу мүмкіндігі қарастырылды. Мұндай форум кәсіпкерлерге тікелей байланыс орнатуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға тиімді алаң болатыны атап өтілді.

Кездесу барысында қалада қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы да айтылды. Шымкенттің стратегиялық тұрғыдан тиімді орналасуы мен қарқынды дамып келе жатқан экономикалық әлеуеті халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік беретіні ерекше атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы уақытта әріптестікті нығайтып, өзара тиімді жаңа жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға дайын екендерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/1179183?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді