ШҚО-да «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде: бір тәулікте 420-дан астам құқықбұзушылық анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО-да «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде: бір тәулікте 420-дан астам құқықбұзушылық анықталды

10–13 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмыстардың алдын алуға және әкімшілік құқықбұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Тек бір тәулік ішінде полиция қызметкерлері 420-дан астам құқықбұзушылықты анықтады. Олардың ішінде ең жиі кездескендері: жеке басын куәландыратын құжатсыз тұру – 106 жағдай, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу немесе масаң күйде жүру – 67, қоғамдық орындарда тиісу – 55, сондай-ақ түнгі уақытта ересектердің еріп жүруінсіз кәмелетке толмағандардың үйден тыс жерде болуы – 28 жағдай.

Сонымен қатар заңсыз сақталған 8 бірлік атыс қаруы тәркіленді. Оның ішінде 4-еуі иір ойықты мылтық, 4-еуі тегіс ұңғылы қару. Қатты масаң күйде болған 15 азамат уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылды.

Жол қауіпсіздігі де ерекше бақылауда. Бір тәулікте 490-нан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі тіркелді. Оның ішінде көлікті мас күйде басқару, қарсы жолаққа шығу, көлік жүргізу құқығынан айырылған адамдардың көлік басқаруы, жаяу жүргіншілерге жол бермеу, сондай-ақ жаяу жүргіншілер мен басқа да жол қозғалысына қатысушылардың құқықбұзушылықтары бар.

Аталған жедел-профилактикалық іс-шара аясындағы жұмыстар жалғасуда. Полиция өңір тұрғындарын заң талаптарын сақтауға және қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырады.

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1179445?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді