Көктемгі мұздың қауіптілігі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көктемгі мұздың қауіптілігі

 

Көктем мезгілінің келуімен су айдындарындағы мұз босап, беріктігін жоғалтады және адамдардың өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Соған қарамастан кейбір азаматтар мұз үстіне шығуын жалғастырып, өз өмірлерін қауіп-қатерге тігіп жатады.

Күршім ауданының төтенше жағдайлар бөлімі көктемгі мұздың еру кезеңінде су айдындарына шығу өте қауіпті екенін ескертеді. Әсіресе балықшыларға, белсенді демалыс әуесқойларына және су айдындарының маңында ойнайтын балалардың ата-аналарына сақ болу қажет.

Аудандық ТЖ бөлімінің қызметкерлері халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында тұрақты түрде профилактикалық рейдтер мен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Еске саламыз, су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Құқық бұзушылық анықталған жағдайда уәкілетті органдар әкімшілік хаттама толтыруға құқылы.

Құрметті тұрғындар!

Өз өмірлеріңізді қауіп-қатерге тікпеңіздер. Көктемгі кезеңде мұз үстіне шығудан бас тартып, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар.

Төтенше жағдай орын алған жағдайда 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласыңыздар.

 

 

Күршім ауданының ТЖБ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-kurchum/press/news/details/1179538?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді