
Орал қалалық мәслихатының 19-шы кезекті сессиясы келесі күн тәртібімен өтті:
- Жастарды жұмысқа орналастыру: оқу орындары түлектерінің қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына түсуі туралы. Техникалық және кәсіптік білім беру түлектерін жұмысқа орналастыру.
- Орал қаласының, кенттердің және ауылдық округтің 2025 жылға арналған бюджеттерін нақтылау туралы.
- “Орал қаласының Құрметті азаматы” атағын беру туралы.
- Басқа да сұрақтар.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай қоғамда ұлтаралық келісімді нығайтуға, көпұлтты Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрлерін насихаттауға елеулі үлес қосқан Орал қаласының 4 тұрғынына көпшілік дауыспен “Орал қаласының Құрметті азаматы”атағы берілді.
Олар: Әмірханян Аветик Рубенұлы, Бердіғалиев Хатимолла Жәңгірұлы, Мамедов Наджаф мырзага-оглы және Михно Валентина Павловна.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uralsk/press/news/details/968726?lang=kk

Жауап қалдыру