
11 наурыз күні Шал ақын ауданына жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов келді. Сапардың негізгі мақсаты – өңірдің су тасқыны кезеңіне дайындығын тексеру.
Жұмыс сапары барысында облыс әкімі облыстық маңызы бар КТ-39 «Повозочное – Баян – Архангелка» автожолында орнатылған су өткізу құбырларын, Сергеевка қаласындағы канализациялық сарқынды сулар жиналатын тоғанның бөгетін, сондай-ақ Сергеев гидроторабын аралап көрді.
Сонымен қатар арнайы техникалардың дайындығы таныстырылды.
Сапар аясында аудандық мәдениет үйінде Айыртау, Ғабит Мүсірепов, Тимирязев және Есіл аудандары әкімдерінің қатысуымен су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша көшпелі кеңес өтті.
Кеңес барысында Шал ақын ауданының әкімі Қайрат Омаров ауданның су тасқыны кезеңіне дайындығы туралы баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді.
Өңірде су тасқынының алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-shalakyn/press/news/details/1179666?lang=kk

Жауап қалдыру