
15 наурыз күні республикалық референдумның өтуіне байланысты барлық тұрғындар мен қала қонақтары үшін қалалық автобустарда ақысыз жол жүру ұйымдастырылады.
Еліміздің жаңа Конституциясы бойынша 15 наурызда өтетін республикалық референдумға қала тұрғындарын қатысуға шақырамыз!
Дауыс беру учаскелеріңізге бару-келу және сол күні қала бойынша қоғамдық көлікпен қатынау тегін болады.
Еске салсақ, Ақтөбе қаласында 46 бағыт бойынша 6 компания қызмет көрсетеді: «Автопарк» ЖШС, «Қызмет Ақтөбе» КМК, «Qala Trans» ЖШС, «Akzhayik Avtopark» ЖШС, «RTT Group» ЖШС, «TK ЖТК» ЖШС.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1179847?lang=kk

Жауап қалдыру