
2026 жылдың 12 наурызында «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау аясында Қызылорда облысы Әділет департаментінің сала мамандары Ақсуат ауылдық округі, Ж.Маханбетов ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ауыл тұрғындарына түрлі құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қолданыстағы заңнама талаптары туралы кеңінен ақпарат берілді. Сондай-ақ азаматтарға тегін заң көмегі көрсетіліп, олардың жеке сұрақтарына заң талаптарына сәйкес нақты жауаптар ұсынылды. Іс-шара барысында жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін цифрлық көмекші – чат-боттың мүмкіндіктері таныстырылып, оны пайдалану жолдары тұрғындарға егжей-тегжейлі түсіндірілді. Осыған байланысты қатысушыларға арнайы ақпараттық парақшалар таратылды.
Сонымен қатар, кездесу аясында «Тараптар кабинеті» онлайн сервисінің тиімді тұстары, робот-сот орындаушының қызметі және атқарушылық іс жүргізу саласындағы цифрлық мүмкіндіктер туралы да жан-жақты мәлімет берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/1179792?lang=kk

Жауап қалдыру