«Ақ қабырға» арқылы: павлодарлық полицейлер қарлы боранда адам өмірін қалай құтқаруда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар облысындағы қыс – тек әсем көрініс қана емес, сонымен қатар үлкен сынақ. Көріну қашықтығы нөлге дейін төмендеп, ауа температурасы күрт суытқанда, жолда қалған жүргізушілер үшін жалғыз үміт – патрульдік полиция экипаждары. Әрбір оқиға – тәртіп сақшыларының батыл әрекетінің арқасында алдын алынған ондаған қайғылы жағдайлардың бірі.

Курьер Темірлан бірнеше сағат бойы қар құрсауында қалған. Ақтоғай ауданындағы кезекті жұмыс сапары қайғылы жағдаймен аяқталуға шақ қалды. «Атамекен–Ақтоғай–Ертіс» автожолының Ақтоғай ауылы маңында қатты боран басталған.

– Бағдарымды жоғалтып алдым, көлікті қар үйіндісі жолдан шығарып жіберді. Қозғалтқыш өшіп қалды. Газды басқан сайын көлік одан әрі батып кетті. Телефонымның қуаты таусылды. Айналам – аппақ кеңістік пен ызғарлы жел. Суық салонда бірнеше сағат отырдым, – деп еске алады жүргізуші.

Далада, көріну қашықтығы нөлге тең жағдайда жалғыз көлікті табу оңай емес. Алайда автожолды патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері Қуаныш Қабдрахманов пен Азамат Абдрахманов жүргізушіге көмек көрсетті.

– Фараның жарығын көрген сәтте аман қалатынымды түсіндім. Мен адамдарды бұрын-соңды бұлай көргеніме қуанған емеспін. Жігіттер тек қызметін атқарып қана қойған жоқ, мені отбасыма аман жеткізді. «Қазы – Баймолдино» автожолында боранда қалған маған көмек көрсеткен Аққулы ауданының учаскелік инспекторлары Жұмажан Күнанбаев пен Келдібек Байсалға үлкен алғысымды білдіремін, – дейді жүргізуші Егор Глинский.

Полицейлер қар басқан көліктерді жүргізушілердің үміті үзілер шақта анықтаған. Әрекеттері нақты әрі үйлесімді болды: адамдарды жылытып, өз қорларынан жанармай құйып беріп, көліктерді тазартылған жол бөлігіне шығарып берген.

– Боран күшейген кезде автожолдарға қосымша нарядтар шығарылады. Полицейлер тәулік бойы қызмет атқарады. Қозғалыс шектелген жағдайда патрульдік көліктер ондаған жүк және жеңіл автокөлікті бастап, қауіпсіз учаскеге дейін алып жүреді. Қажет болған жағдайда адамдарды эвакуациялап, жылыту пункттеріне жеткізеді. Техникалық көмек көрсетеді: дөңгелек ауыстырудан бастап жанармай жеткізуге дейін, – деп хабарлады Павлодар облысының Полиция департаментінде.

Өңір полициясында азаматтарды құтқару – қызметтік міндет екенін атап өтеді. Алайда әрбір қысқа ақпараттың артында аязды күндері сағаттап жол үстінде еңбек ететін, біреудің әкесі, жары немесе ұлы аман-есен үйіне оралуы үшін жан аямай қызмет ететін тәртіп сақшыларының еңбегі тұр.

Павлодар облысы полиция қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында өңір жолдары ең қатты боранның өзінде бақылауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1179790?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді